
Өмірбаян
Зәкірқожа Үсенұлы 1965 жылы дүниеге келген. Шымкент гидромелиоративтік құрылыс техникумын, Шымкент әлеуметтік педагогикалық университетін бітірген. Білімі – жоғары. Мамандығы – құрылысшы, қаржы бакалавры.
Еңбек жолында Қожатоғай кеңшарында жұмысшы, Қожатоғай мемлекеттік асыл тұқымды қой зауытында дайындаушы, «Қанат» өндірістік кооперативінің кіші асфальт зауытында директор, «Ақтай» шаруа қожалығында бас есепші, Қожатоғай ауылдық округ әкімі аппаратында жетекші маман міндетін уақытша атқарушы, Қожатоғай ауылдық округ әкімі аппаратында жетекші маман, Қожатоғай ауылдық округ әкімі аппаратында бас маман, Қожатоғай ауылдық округ әкімдігінде ауыл әкімі міндетін уақытша атқарушы лауазымдарын атқарған.




