
Момбеков Ашимхан Тилеуханович
Білім бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Момбеков Ашимхан Тилеуханович 1971 жылдың 11 мамыр күні Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген. 1978 жылы алғаш мектеп табалдырығын №376 бастауыш мектебіне барып, 1988 жылы №11 Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебін бітірген. 1988-1993 жылдар аралығында Жезқазған қаласындағы педагогикалық институты түсіп, «математика» факультетін бітіріп, математика пәнінің мұғалімі мамандығын алып шықты.
1993-1998 жылдар аралығында Арыс қаласындағы №32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта мектебіне математика және информатика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
1998-1999 жылдары №4 бастауыш мектебінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
1999-2000 жылдары Арыс қаласының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінде математика, физика, информатика пәндерінің әдіскері қызметін атқарды.
2000-2007 жылдар аралығында №32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып қызмет етті.
2007-2013 жылдар аралығында С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2013-2016 жылдар аралығында С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебінің директоры қызметін атқарды.
2016 -2021 жылдың қаңтар айына дейін Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
Қазіргі таңда 2021 жылдың ақпан айынан бастап Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.




