
Шойнахов Қуаныш Әбдіхалықұлы
Экономика және қаржы бөлімі бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Қуаныш Әбдіхалықұлы 1983 жылы дүниеге келген. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін; Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Білімі – жоғары. Мамандығы – экономист-мененджер, заңтану бакалавры.
Еңбек жолында Арыс қаласы қаржы бөлімінде бас маман міндетін уақытша атқарушы, Арыс қаласы қаржы бөлімінде бас маман, Арыс қаласы қаржы бөлімінде сектор меңгерушісі, Арыс қаласы экономика және қаржы бөлімінде сектор меңгерушісі, Арыс қаласының экономика және қаржы бөлімінде бас маман, Арыс қаласы әкімі аппаратында қала әкімінің заң кеңесшісі, Арыс қаласы әкімі аппараты заң бөлімі басшысы, Арыс қалалық Кәсіпкерлік бөлімі басшысы лауазымдарын атқарған.




