
Нарбеков Қанат Күреңбайұлы
Арыс қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Еңбек жолын 2010 жылы Nur Otan партиясы Арыс қалалық филиалында сектор меңгерушісі — бас есепші болып бастаған.
2014–2015 жылдары Арыс қалалық «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бухгалтерлік есеп менеджері қызметін атқарған.
2015 жылы Ақдала ауылдық округі әкімдігінде инфрақұрылым және жер қатынастары жөніндегі маманның міндетін уақытша атқарушы, кейін осы саланың маманы болған.
2015–2023 жылдары Арыс қаласының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі», кейін «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемелерінде бас маман қызметін атқарған.
2023 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Арыс қаласының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сектор меңгерушісі қызметін атқарып келеді.




