
Мұхит Әсет Нұржанұлы
Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Еңбек жолын 2014 жылы Арыс қаласындағы «Жеті-қазына» өндірістік кооперативінде жұмысшы болып бастаған.
2015–2016 жылдары Арыс қаласының «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінде әдіскер, кейін Nur Otan партиясы Арыс қалалық филиалында кеңесші қызметтерін атқарған.
2016–2020 жылдары Арыс қаласының «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бас маманның міндетін уақытша атқарушы және бас маман лауазымдарында қызмет еткен.
2020–2022 жылдары Арыс қаласы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінде бас инспектор болған.
2022 жылдың қыркүйек айынан 2026 жылдың ақпан айына дейін Арыс қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бөлім басшысының орынбасары қызметін атқарған.




