
Қайбар Мәлік Сұнғатұлы
Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары
Өмірбаян
Арнайы атағы – полиция подполковнигі.
2013 жылы М.Есболатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясын тәмамдаған.
Ішкі істер органдарындағы қызметін 2009 жылы бастаған. Шымкент қ. Еңбекші аудандық полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің тергеушісі болып қызмет атқарған.
2013 – 2020 жылдар аралығында ішкі істер органдарында әртүрлі орта және аға басшылық құрам лауазымдарында қызмет атқарған.
2020 жылғы сәуір – Түркістан облысының ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары.
2021 жылғы қыркүйек – ҚР ІІМ Тергеу департаменті Анықтау жұмысын ұйымдастыру басқармасының бастығы.
2024 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін – Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары.




