
Өмірбаян
1962 жылы 8 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы, Сергеев ауданы, Ақсу ауылында дүниеге келді.
Целиноград машина жасау техникумын «Техник-механик» мамандығы бойынша, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Экономист» мамандығы бойынша бітірді
Мансап
Еңбек қызметі кезінде бірқатар басшылық қызметтер атқарды: · Скергеев ауданы «Еңбек» совхозының комсомол ұйымының хатшысы Сергеев ауданы «Еңбек» совхозының № 2 бөлімшесінің басқарушысы · Сергеев ауданы «»Еңбек» совхозы директорының өндіріс жөніндегі орынбасары · Сергеев ауданы, Жаңасу ауылы, Жаңасу ауылдық әкімшілігінің басшысы, Сергеев ауданы, Жаңасу ауылы, Жаңасу ауылдық округінің әкімі · Сергеев ауданы, Сергеевка қ., Аютас ауылдық округі әкімінің орынбасары · Шал ақын ауданы, Сергеевка қ., Аютас ауылдық округінің әкімі· Шал ақын ауданы, Сергеевка қ., Сергеевка қ. әкімі · Шал ақын ауданы, Сергеевка қ., аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер, көлік және коммуникациялар жөніндегі орынбасары «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ әлеуметтік бағдарламалар мәселелері жөніндегі бастығының орынбасары «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы · "Джумабаев Г. Т." ЖК басшысының орынбасары · Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысы орынбасарының міндетін атқарушы · Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Есіл ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Қазіргі уақытта Есіл ауданының әкімі Отбасылық жағдайы, үйленген екі баласы бар. |
Мемлекеттік және халықаралық марапаттар, сыйлықтар, құрметті атақтар: · Мерейтойлық медальдар: «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» |



