
Біржікен Ерлан Амандықұлы
«Жангелдин ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ бөлім басшысы
Өмірбаян
Біржікен Ерлан Амандықұлы 22 сәуір 1981 жылы Қостанай облысы, Жангелдин ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген.
1999 жылы Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетін қаржы және несие
мамандығы бойынша оқуға түсіп, аталған оқу орнын 2004 жылы аяқтаған. 2017 жылы Қазтұтыну одағы Қарағанды экономикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша сырттай оқып, аталған оқу орнын 2019 жылы аяқтаған.
23.08.2005 - 31.12.2005 – Қостанай облысы «Жангелдин ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің экономиканы жоспарлау шағын, орта бизнес субъектілерімен жұмыс істеу және елді мекендерді дамыту бөлімінің жетекші маманы.
01.01.2006 - 25.11.2013 – Қостанай облысы «Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің бас маманы.
25.11.2013 - 03.01.2018 – Қостанай облысы «Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің бастығы.
03.01.2018 - 19.05.2020 – Қостанай облысы «Жангелдин ауданының қаржы бөлімі» ММ-нің басшысы.
04.07.2022 - 12.06.2023 – Қостанай облысы «Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек секторының меңгерушісі.
12.06.2023 - 11.03.2025 –Қостанай облысы «Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің басшысы.
12.03.2025 - бүгінгі күнге дейін - Қостанай облысы «Жангелдин ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің басшысы.





