
Сариев Даурен Нұрланұлы
Келес ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Сариев Даурен Нұрланұлы 1990 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2011 жылы Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қаржы мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2014 жылы «Көгершін» мүгедектер қоғамдық бірлестігінде маман болып бастаған. 2016-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және өңірлік даму бөлімінде бас маман, 2017-2018 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты қоғамдық-саяси сала мониторингі бөлімінің бас маманы, 2018-2019 жылдары Түркістан облысы әкімінің аппараты қоғамдық-саяси сала мониторингі бөлімінің бас маманы, 2019-2020 жылдар арасында Түркістан облысының ішкі саясат басқармасы идеологиялық жұмыстар насихаттау мен ұйымдастыру бөлімінің басшысы, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Рухани жаңғыру» және мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бөлімінің басшысы, 2020-2023 жылдары Түркістан облысының Қоғамдық даму басқарма басшысының орынбасары-Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауызымдарын абыроймен атқарады. 2023 жылдың 5 мамырынан бүгінгі күнге дейін Келес ауданы әкімінің кеңесшісі лауазымында қызмет етті.


