
Өмірбаян
Рысқұл Оспанұлы 1961 жылы дүниеге келген. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітірген. Білімі-жоғары.
Өзінің еңбек жолын Свердлов атындағы колхозының вет.технигі, бас мал дәрігері болып бастаған. «Жандарбеков» атындағы АҚ президенті, Қайнарбұлақ ауыл әкімінің орынбасары, «Ақсу санэпидвет. зертханасы» ЖШС-нің директоры, жеке кәсіпкер. «Сапа зертхана» ЖШС – нің директоры, Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясының жетекші маман-мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушы (арнайы тексеруден өткенге дейін), Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясының жетекші маман-мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы, Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының тамақ өнімдері және тасымалданатын объектілер қауіпсіздігі бөлімінің бас маман-мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы, аудандық аумақтық инспекциясының ветеринариялық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы, аудандық аумақтық инспекциясының ветеринариялық бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы, аудандық ветеринария бөлімінің басшысы, ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы (арнай тексеруден өткенге дейін), Қайнарбұлақ ауылдық округінің әкімі, Сайрам ауданы әкімінің кеңесшісі, Сайрам аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.





