
Ахметқалиев Дархан Кайырбекұлы
Аудан әкімі аппаратының басшысы
Өмірбаян
Туған күні (күні, айы, жылы) - 1988 жылғы 26 маусым
Туған жері-Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Лоба ауылы
Ұлты - қазақ
Білімі - жоғары
2010 жылы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін бітірген, мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры.
09.08.2010 - 29.11.2010 - "Меңдіқара ауданы Каменскорал ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ бас маманының көмекшісі
16.05.2011 - 06.08.2012 - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Боровское ауылындағы "№ 6 кәсіптік лицей" ММ шаруашылық меңгерушісі
02.07.2012 - 01.10.2012 - "Меңдіқара ауданы Каменскорал ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ әдіскері
01.10.2012 - 10.01.2013 - "Меңдіқара ауданы Каменскорал ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ бас маманының міндетін атқарушы
10.01.2013 - 10.09.2013 - "Меңдіқара ауданы Каменскорал ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ бас маманы
23.09.2013 - 16.11.2013 - "Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ бас маманының міндетін атқарушы
16.11.2013 - 02.12.2015 - "Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ бас маманы
03.12.2015 - 20.07.2017 - Меңдіқара ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы
21.07.2017 - 13.01.2020 - Меңдіқара ауданы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің басшысы (кадр жұмысы бөлімі)
14.01.2020-29.03.2024-Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Боровское ауылы" Меңдіқара ауданының ішкі саясат бөлімі " ММ басшысы
01.04.2024-қазіргі уақытқа дейін Меңдіқара ауданы әкімі аппаратының басшысы
Міндеттері
1. Аудан әкімі аппаратына басшылық жасауды, аудан әкімі аппаратының болашақтағы және ағымдағы жұмысын жоспарлауды, құпия іс жүргізу және құпиялылық режиміне бақылауды жүзеге асырады.
2. Аудан әкімінің және әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша аудан әкімі аппаратының жұмысын ұйымдастырады.
3. Қазақстан Республикасы заңдарының, Президент жарлықтарының, Үкімет қаулыларының, облыс, аудан әкімдері шешімдері мен өкімдерінің, облыс, аудан әкімдіктері қаулыларының орындалуына бақылау жасау жөніндегі мәселелер бойынша аппарат қызметінде аудан әкімінің орынбасарларымен іс-әрекеттерін келіседі, аудандық бөлімдердің, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының жұмыстарын үйлестіреді.
4. Іс жүргізуді жүргізуге, жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарауға, белгіленген талаптарға сәйкес әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге әкімнің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерін ұсынуға баықылауды жүзеге асырады.
5. Кадр іріктеуі мен мемлекеттік органдарды реформалау мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді.
6. «Электрондық үкіметті» дамыту және жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметті үйлестіреді. «Е-қызмет» ақпараттық-біріктірілген жүйеге, «1С Бухгалтерия» бағдарламасына қолжетімділікті және техникалық қызмет көрсетуін қамтамасыз етуді бақылайды.
7. Ақпараттық инфрақұрылымды және ақпараттық ресурстарды дамыту жөніндегі іс-шараларды өткізуге және ұсыныстар енгізуге бақылауды жүзеге асырады.
8. Аудан әкімінің аппаратында бағдарламалық және аппараттық жүйелерді орнатуды, техникалық қызмет көрсетуді, басқаруды, техникалық құралдарды жаңғыртуды қамтамасыз етеді.
9. Аудан әкімдігінің отырыстарын өткізуді, кеңестерді дайындау мен өткізуді ұйымдастырады.
10. Азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша қызметті үйлестіреді.
11. Жетекшілік ететін салаларға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жауапкершілікті алады. Тұрақты негізде қызмет көрсету саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіру бойынша қызмет берушілермен семинар-кеңес өткізеді, мемлекеттік қызмет көрсету туралы қызмет алушылар үшін түсіндіру шараларын, оның ішінде жетекшілік ететін сала бойынша оларды шағымдау тәртібімен өткізуді бақылайды. Альтернативті тәсілмен (Мемкорпорация ж»не «Электрондық үкімет» арқылы) көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұлғайту жөнінде көрсеткіштерге жету бойынша шаралар қабылдайды. Аудан әкімінің аппаратындағы ведомстволық мұрағатқа белгіленген тәртіппен тапсыруға дейін істерді жедел сақтауын және оларды пайдалануын қамтамасыз етеді.
12. Құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне, ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөліміне, заң бөліміне, персоналды басқарудың бірыңғай қызметіне (кадр жұмысы бөліміне), қаржы-шаруашылық бөліміне, мемлекеттік қызметтерді ішкі бақылау, мониторингі және ақпараттық технологиялар бөліміне, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау мәселелеріне жетекшілік етеді.
13. Бірыңғай тәртіптік комиссияның, аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссияның, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу бойынша аудандық атқарушы органдары бірыңғай конкурс комиссияның, негізгі құралдарды есептен шығару бойынша комиссияның, мемлекеттік рәміздерді есептен шығару бойынша комиссияның қызметтеріне басшылық етеді.
14. Басшылықтың қарарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін, хабарламаларын, сұрау салуларын, үн қосуларын, ұсыныстарын қарау. Өтініштер бойынша сұрақтардың сипатын және қабылданған шешімдерді дұрыс толтыру.
15. Тиiстi бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражаты есебiнен даярлауды, қайта даярлауды және бiлiктiлiгiн арттыруды өтеді
16. Жоспарға сәйкес әкімдік отырысына сұрақтарды дайындауды ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады
17. Еңбек тәртібін сақтайды.
18. Жұмыс барысында жұмыс берушінің мүлкіне зақым келтіруге жол бермейді.
19. Оған сеніп тапсырылған қызметтік және өзге де заңмен қорғалатын құпияларды жариялауға жол бермейді.
20. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары мәлім болған жағдайда, жұмыс істейтін құқық қорғау органдарына және (немесе) мемлекеттік орган басшылығының назарына дереу жеткізеді.
21.Лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға.
Бірлескен іс-қимылдарды жүзеге асырады:
облыстық деңгейде:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті" ММ ,
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысының Әділет департаменті" ММ,
Жергілікті деңгейде:
Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының "Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Меңдіқара аудандық мемлекеттік мұрағаты",
Меңдіқара аудандық мәслихатының аппараты ММ ,
"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының филиалы ,
Меңдіқара аудандық бөлімшесі - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы " коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы.
Жоспарға сәйкес әкімдік отырысына сұрақтар дайындауды ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.




