
Бакулин Берік Сансызбайұлы
Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы
Өмірбаян
Арнайы атағы – әділет полковнигі.
«Фемида» Қарағанды университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2003 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Павлодар заң колледжінің курсанты болып бастаған.
2005–2009 жылдары Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде қызмет атқарып, ЕЦ-166/18 мекемесінің жедел бөлімінің маманы – жедел уәкілі, ЕЦ-166/25 мекемесінің жедел бөлімінің аға маманы – аға жедел уәкілі, ЕЦ-166/26 мекемесінің режим және күзет бөлімінің күзеттің инженерлік-техникалық құралдарына қызмет көрсету жөніндегі аға маманы – аға инженері лауазымдарын атқарған.
2009–2010 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Тергеу изоляторлары және арнайы есеп басқармасының жедел-режимдік және күзет жұмысы бөлімінің аға маманы – аға жедел уәкілі болған.
2010–2014 жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде қызмет атқарып, тергеу изоляторларындағы жедел жұмыс тобының жедел әзірлемелер және есепке алу бөлімінің жедел уәкілі, жедел басқарманың жедел талдау және әдіснама бөлімінің маманы – жедел уәкілі, тергеу изоляторлары және арнайы есеп бөлімшесінің аға жедел уәкілі лауазымдарын атқарған.
2014–2015 жылдары Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жедел бөлімінің бастығы қызметін атқарған.
2015–2017 жылдары Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЕЦ-166/10 мекемесінде сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы болған.
2017–2023 жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Пробация қызметін басқару басқармасы бастығының орынбасары лауазымын атқарған.
2023–2026 жылдары Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары болған.
2026 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы қызметін атқарып келеді.
