
Өмірбаян
Құралай Балтабайқызы 1968 жылы туылған. Қарағанды мемлекеттік университеті, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің түлегі. Білімі – жоғары. Мамандығы – ұлт мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті.
Еңбек жолында совхоз жұмысшысы, аудандық филиалының кітапханашысы, аудандық кітапхананың редакторы, Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті, С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, С.Сейфуллин атындағы орта мектеп директорының орынбасары, аудандық білім бөлімінің кадр жөніндегі бас маманы, С.Сейфуллин атындағы орта мектеп директорының орынбасары, Сайрам аудандық білім беру және спорт бөлімінің жетекші маманы, Сайрам аудандық білім беру бөлімінің бас маманы, Сайрам аудандық білім беру бөлімінің жетекші маманы, Сайрам аудандық білім беру бөлімінің орта білім беру және тәрбие, жұмыстары бойынша бас маманы, Сайрам аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары, бөлім басшысының міндетін, уақытша атқарушы, Сайрам аудандық білім бөлімінің басшысы.





