
Өмірбаян
Дастан Талғатбекұлы 1987 жылы дүниеге келген. Бітірген оқу орны Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік университеті, Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университеті, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы. Білімі - жоғары. Мамандығы - мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры, экономика және бизнес бакалавры, экономика және бизнес магистрі.
Еңбек жолын аудан әкімі аппаратында жастар практикасы бойынша практиканты, аудан әкімі аппаратының инспекторы, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы міндетін атқарушысы, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас инспекторы, аудан әкімінің көмекшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранты, аудан әкімі аппаратының бас маманы, аудан әкімінің көмекшісі, аудан әкімі аппаратының әкімшілік бөлімінің басшысы.





