Қилыбаева Әлия Жұмаділқызы

    Қарасай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

    Қилыбаева Әлия Жұмаділқызы
    Руководитель отдела

    Қилыбаева Әлия Жұмаділқызы

    Қарасай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Кыйлыбаева Алия Жумадиловна – 1967 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1998 жылы Алматы су шаруашылығы колледжін «Техник-экономист» мамандығы бойынша білім алып, 2005 жылы М.Тынышбаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Экономист-финансист» мамандығы бойынша тәмамдады.

    Еңбек жолын 1984-1987 жылдар аралығында Қаскелең өндірістік тігін-галантереялық бірлестігінің тігіншісі болып бастаған. 1988 жылғы мамыр-қараша айларында СПТУ-11 кадр бөлімінің инспекторы, есепші. 1988-1992 жылдары Қаскелең өндірістік тігін – галантериялық бірлестігінің тігіншісі. 1992-1996 жылдары Талдықорған облысы, Қызылағаш жылқы зауытының «Мақсат» дүкенінің сатушысы.

    1999 жылдың мамыр айынан осы уақытқа дейін Қарасай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде аға маман, бас маман, жұмыспен қамту секторының меңгерушісі, бөлім басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 2017 жылдың шілде айынан бастап аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері