Ашов Қанат Рашитович
лматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі
Өмірбаян
Білімі – жоғары. Фемида Қарағанды заң Академиясын бітірген.
2001 жылы Павлодар қаласының заң колледжіне тыңдаушы болып оқуға қабылданып, 2003 жылы аталған оқу орнын тәмәмдаған, кейінен СҚО ҚАЖ басқармасының Ақжар ауданы бойынша қылмыстық атқару инспекциясының аға инспекторы лауазымына тағайндалған болатын.
2005 жылдан бастап 2008 жылдар аралығында Ақмола облысы бойынша ҚАЖ басқармасының Зарединск ауданы қылмыстық-атқару инспекциясының аға инспекторы лауазымына ауыстырылған.
2008 жылы ҚР ӘМ ҚАЖ комитетінің қылмыстық-атқару инспекцияларына басшылық ету басқармасының сотталғандарға бақылау жасау бөлімінің маман-испекторы лауазымында болған.
2009 жылы Астана қаласы бойынша ҚАЖ басқармасының ЕЦ-166/5 мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымында болып, 2010 жылы Астана қаласы бойынша ҚАЖД-нің қылмыстық-атқару инспекциясына басшылық ету тобының бас маманы лауазымына тағайндалған болатын.
Бір кездері Астана қаласы бойынша ҚАЖД-нің ЕЦ-166/22 мекемесі бастығының жалпы сұрақтар бойынша орынбасары лауазымында қызмет атқарған болатын. 2011 жылдан бастап 2014 жылға дейін Астана қаласы бойынша ҚАЖД-нің қылмыстық-атқару инспекциясы бөлімінің бастығы лауазымында болған.
2014 жылы Астана қаласы бойынша ҚАЖД-нің ЕЦ-166/5 мекемесіне жедел бөлімінің бастығы болып қызмет етті. Кейіннен, 2015 жылы ЕЦ-166/10 мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымында болған. Осы жылдары ЕЦ-166/5 мекемесі бастығының міндетін атқарған.
2017 жылы ЕЦ-166/5 мекеме бастығының режим және жедел жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымында қызмет атқарып, 2019 жылы осы мекеменің бастығы лауазымына тағайындалған.
2020 жылдан бастап Алматы облысы бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары лауазымын атқаруда.
