
Абдранбаев Талғат Ерубекұлы
Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет полковнигі
Өмірбаян
Халықаралық Қазақ-Түрік университетін бітірген
Еңбек жолын 1995 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖБ ИЧ-167/1 мекемесінің жедел бөлімінің жедел уәкілі болып бастаған.
1995 жыл мен 2008 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖБ ИЧ-167/1 мекемесінде әртүрлі (жедел бөлімінің жедел уәкілі, жедел бөлімінің бастығы, мекеме бастығының орынбасары)лауазымда қызмет атқарған.
2008 жыл мен 2011 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінеқарасты ИЧ-167/2 мекемесінің бастығы қызметін атқарған.
2011 жыл мен 2012 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/4 мекеме бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.
2012 жыл мен 2018 жыл аралығында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.
2018 жылдың 01 айынан 07 айы аралығында ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің Жедел басқармасының бастығы лауазымында қызмет атқарды.
2018 жылдың шілде айында Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды.
