
Нұрғалиев Мерхат Сәбитұлы
Катонқарағай ауданының жергілікті атқарушы органдарында әдеп жөніндегі уәкілі
Өмірбаян
Нұрғалиев Мерхат Сәбитұлы 1981 жылы 12 шілдеде Катонқарағай ауданы, Новоберезовка ауылында дүниеге келген. 2003 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 2004 жылы Катонқарағай ауданы әкімі аппаратының экономика бөлімінің бас маманы болып бастады. 2008 жылдан 2012 жыл аралығында Катонқарағай ауданы әкімі аппаратының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы қызметін атқарды. 2012 жылдың сәуір айынан маусым айы аралығында Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің мүлікті иелену бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. 2012 жылдың маусым айынан 2013 жылдың қазан айы аралығында ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы қызметін атқарды. 2013 – 2015 жылдар аралығында ШҚО мамандандырылған шайбалы хоккейден балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің директоры қызметін атқарды. 2016 жылы ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы бухгалтерлік есеп және қаржы бөлімінің бас маманы міндетін атқарды. 2016 жылдың шілде айынан 2017 жылдың сәуір айы аралығында бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы және талдау, ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2017 жылдың сәуір айынан 2021 жылдың сәуір айы аралығында Глубокое ауданының қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
Катонқарағай ауданы әкімінің 2021 жылғы 05 сәуірдегі өкімімен Шығыс қазақстан облысы
Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.