
Өмірбаян
16.12.1979 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. Халықаралық құқық мамандығы бойынша.
ҚР СІМ жүйесінде 2003 жылдан бастап «дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету басқармасы» АҚ бас маманынан бастаған.
Сыртқы саясат ведомствосында жұмыс істеген кезеңінде Алматы қаласындағы ҚР СІМ өкілдігінің Мемлекеттік хаттама қызметінде жұмыс істеді;
Стамбул қаласындағы ҚР Бас консулдығының Консулы; ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті басқармасының басшысы;
ҚР БАӘ Елшілігінің Кеңесші-консулы;
ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің паспорттық-визалық басқармасының басшысы.
Дипломатиялық дәрежесі бар I сынып кеңесшісі.