
Исенали Асет Жеңісұлы
Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
Өмірбаян
Исенали Асет Жеңісұлы – Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
1980 жылы 8 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын, 2005 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дипломатиялық академиясын бітірген.
Дипломатиялық қызметін 2001 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет басқармасында жетекші маман ретінде бастаған.
2003 жылы ҚР СІМ Халықаралық құқық департаментінде атташе қызметін атқарған.
2003–2008 жылдары Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігінде атташе, кейін үшінші хатшы.
2008–2011 жылдары Қазақстан Республикасының Сингапурдағы Елшілігінде екінші және бірінші хатшы қызметтерін атқарған.
2012–2018 жылдары Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігінде кеңесші.
2019–2024 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінде консультант, инспектор, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін, 2024 жылғы шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.
І сыныпты кеңесші дипломатиялық дәрежесіне ие.
Ағылшын және корей тілдерін меңгерген.