
Нұрышев Шахрат Шәкизатұлы
Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
Өмірбаян
1972 жылы 20 маусымда Алматы қаласында туған.
Пекин тіл университетін (1995), Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (1996), Назарбаев университетін (2012) бітірген.
1996-1997 жж. - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Азия елдері басқармасының референті;
1997-1999 жж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Үрімші қаласындағы (Қытай Халық Республикасы) Төлқұжат-визалық қызметінің атташесі, үшінші хатшысы;
1999-2004 жж. - Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы;
2004-2005 жж. - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің бөлім бастығы, басқарма бастығы;
2005-2007 жж. - Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы тұрақты өкілі;
2007-2008 жж. - Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі;
2008-2015 жж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі және Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестірушісі;
2009-2010 жж. - Қазақстан Республикасы Үкіметінің Ауғанстан Ислам Республикасымен ынтымақтастық сұрақтары бойынша Арнайы өкілі;
2015-2019 жж. - Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;
2015-2019 жж. - Қазақстан Республикасының Корей Халық-Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы;
2019-2022 жж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары;
ҚР Президентінің 2022 жылғы 8 cәуірдегі Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып қайта тағайындалды.
Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесіне ие.
«Құрмет» орденімен марапатталған.