
Өмірбаян
1972 жылы туған, туған жері Ресей, Челябі облысы, Троицк қаласы, білімі жоғары.
2012 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын география мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды.
1989-1990 жж – Державин ауданы, Братолюбовский кеңшары, Өмірлік орта мектебінің ұзартылған күн тобының мұғалімі.
1990-1993 жж – С.Сейфуллин атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының студенті, Целиноград қаласы.
1994-2004 жж – Жаңадала ауданы, Нахимовка ауылы Нахимов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
2004-2019жж. – Жаңадала ауданы, Нахимовка ауылы Нахимов атындағы орта мектебінің география мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
2019-2020жж. – «Ақмола облысы Есіл ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Есіл қаласы
2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақмола облысы Жарқайың ауданы Нахимов ауылдық округінің әкімі.