
Өмірбаян
Рүстем Шахмұранұлы Есмағанбетов 1988 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келді. Жоғары білімі бар. Біліктілігі бойынша заңгер.
Еңбек жолын:
2011 - 2016 жж. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің «Ақпараттық-есептеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында бас маман болып бастаған;
2017 – 2018 жж. «Ultimatum (Ультиматум)» Коллекторлық агенттігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы;
2020 – 2021 жж. «Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құпияларды қорғау жөніндегі бас маман;
2021 жылдан бүгінгі күнге дейін «Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру – инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.