Ноғаев Нұрлан Асқарұлы

    Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

    Ноғаев Нұрлан Асқарұлы
    Посол

    Ноғаев Нұрлан Асқарұлы

    Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

    Өмірбаян

    1967 жылы 30 шілдеде Ақтөбе облысында дүниеге келген.

    1993 жылы И.М. Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясын тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген.

    1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «экономика» мамандығы бойынша бітірген.

    2006 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының магистратурасын тәмамдаған.

    Түрік және ағылшын тілдерін меңгерген.

    Еңбек жолын 1984 жылы Ақтөбе облысы Қандағаш станциясының электромонтері ретінде бастаған.

    1993-1995 жылдары Мәскеудегі «Гили-Паскер» ЖШС аға сарапшысы, бөлім басшысы және бас директоры қызметін атқарды.

    1995-1996 жылдары Алматыда «Отырар Лтд» шағын кәсіпорны бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

    1996-2006 жылдары «Қазақтүрікмұнай» ЖШС маркетинг инженері, мұнай және мұнай өнімдерін сату маркетингі бөлімінің басшысы және бас директоры болды.

    2006 жылдың ақпан-тамыз айлары аралығында «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ атқарушы директоры болып қызмет етті.

    2006 жылдың тамызынан 2007 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры болды.

    2007-2010 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

    2010-2012 жылдары – Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.

    2012-2016 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысының әкімі болды.

    2016-2019 жылдары – Атырау облысының әкімі.

    2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымында қызмет атқарды.

    2021 жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың мамырына дейін Маңғыстау облысының әкімі болған.

    2024 жылғы 20 маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері