
Залыгин Юрий Леонидович
«Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ басшысы
Өмірбаян
Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын «санитария, эпидемиология» мамандығы бойынша;
Қазақстан-Ресей университеті «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Залыгин Юрий Леонидович -« Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ басшысы
Туған жылы: 1976 жылғы 15 қаңтар
Туған жері: Жезқазған облысы, Жезқазған қаласы
Білімі: Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын «санитария, эпидемиология» мамандығы бойынша (2001ж.).
Қазақстан-Ресей университеті «экономика» мамандығы бойынша (2007ж.) бітірген.
Еңбек жолы:
2001 - 2003 ж.ж. – Жезқазған аймақтық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитариялық дәрігері;
2003 - 2013 ж.ж. – Қарағанды облысы, Жезқазған қалалық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас маманы; Теміртау қаласы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас маманы;
2013 - 2014 ж.ж. – Жезқазған қаласы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы;
2014 - 2016 ж.ж. – Жезқазған қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы;
2017 жылдың қаңтар-сәуір айлары - Қарағанды облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары;
2017 жылдың мамыр айынан - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Қарағанды облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары;
2019ж. маусым айынан бастап 2020ж. қараша айына дейін - Қарағанды облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары;
2020ж. қарашадан бастап 29.12.2020ж. дейін – «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ басшысының орынбасары;
29.12.2020ж. бастап осы уақытта « Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ басшысы етіп тағайындалды.
Наградалары:
«Ерен еңбегі үшін» медалі - 2016 жыл
«Алтын дәрігер» медалі - 2018жыл
«Денсаулык сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі - 2020 жыл

