
Руководитель
Жанабергенова Динара Олжабайқызы
Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы
Өмірбаян
Туған күні: 1979 жыл, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданыны.
Білімі, мамандығы (біліктілігі): Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, «Дәрігер-гигиенист, эпидемиолог».
- 2002 жылы Жалағаш аудандық СЭС-ның еңбек гигиенасы бойынша санитарлық дәрігері болып бастаған;
- 2005-2010 жылдары Жалағаш аудандық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында Эпидқадағалау бөлімінің бастығы;
- 2010-2012 жылдары Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің Тағам нысандарын сангигқадағалау бөлімінің бас маманы;
- 2012-2017 жылдары Сырдария аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы;
- 2017-2020 жылдары Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Тамақтану объектілеріндегі инфекциялық емес ауруларды бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды;
- 2020-2021 жылдары - Қызылорда облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тамақтану объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы;
- 2021-2024 жылдары - Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы;
- 2025 жылдан бастап-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы.

