Аманқұл Нуриддин

    Бас консул

    Аманқұл Нуриддин
    Консул

    Аманқұл Нуриддин

    Бас консул

    Өмірбаян

    Туған жылы және жері: 15.12.1986 ж., Тараз қ., Қазақстан Республикасы

    Білімі: Жоғары. Халықаралық Бизнес Университеті, Алматы қ., экономика бакалавры (2009 ж.)

    Тұран-Астана университеті, экономика магистрі (2010 ж.).

    Мансабы

    2007 ж. - «Жаңа саясат халықаралық институты» қоғамдық бірлестігі, талдаушы

    2008–2009 жж. - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Әскери-стратегиялық зерттеулер Орталығы» АҚ, ғылыми қызметкер

    2009–2010 жж. - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Қазақстан ГИС Орталығы» АҚ, Президент кеңесшісі, бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту бойынша басқарушы

    2010–2016 жж. - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «Kaznex Invest «Ұлттық экспорт және инвестициялар агенттігі» АҚ, жетекші маман, менеджер, департамент директоры, басқарушы директор

    2016-2017 жж. - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Kaznex Invest» Ұлттық экспорт және инвестициялар агенттігі» АҚ, Түркия Республикасындағы инвестициялар бойынша өкіл

    2018–2019 жж. - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитеті, басқарма жетекшісі

    2019 ж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитеті, басқарма жетекшісі

    2019–2020 жж. - Қазақстан Республикасының Түркия

    Республикасындағы Елшілігі, бірінші хатшы

    2020–2023 жж. - Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігі, кеңесші

    2023 жылғы 10 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Бас консулы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері