
Самратбеков Руслан Сергеевич
"Талдықорған қаласының жер қатынастары бөлімі" ММ басшысы
Өмірбаян
Талдықорған қаласының жер қатынастары бөлімінің басшысы
Жалпы ақпарат, білімі
Самратбеков Руслан Сергеевич Талдықорған қаласының жер қатынастары бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Руслан Сергеевич 1994 жылғы 7 қаңтарда Алматы облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «құқықтану», «есеп және аудит» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Мансап
Еңбек жолын 2015 жылы Алматы облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясында жастар тәжірибесі бағдарламасы аясында бастаған.
2016–2020 жылдары Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінде жетекші маман;
2020–2021 жылдары Іле ауданы әкімі аппаратының заң және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінде бас маман;
2021–2023 жылдары Талдықорған қаласы әкімі аппаратының бас маманы, қала әкімінің көмекшісі;
2023–2026 жылдары Талдықорған қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2026 жылғы 6 сәуірден бастап Талдықорған қаласының жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.



