Нұрқасым Ернар Саматұлы

    Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

    Нұрқасым Ернар Саматұлы
    Руководитель

    Нұрқасым Ернар Саматұлы

    Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Туған күні-1995 жылы 25 наурыз.
    Туған жері-Сарқан қаласы, Алматы облысы, Сарқан ауданы.
    Ұлты-қазақ.
    Білімі – жоғары.
    Оқу орнын бітірген жылы және атауы -2016 жыл "Тұран-Астана" университеті Нұр-Сұлтан қаласы
    Біліктілігі құқықтану мамандығы бойынша
    Әскери, арнаулы атағы, сыныптық шені, біліктілік сыныбы-әскери міндетті

    2017 жылы «Сарқан ауданы әкімдігінің Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының заңгері болды.

    2017 жылы «Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ жоғары дәрежелі маманы болды.

    2017 - 2018 жылдар аралығында «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру және мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімшесінің бас маман-заңгері міндетін атқарды.

    2018 - 2019 жылдар аралығында «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру және мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімшесінің бас маман-заңгері қызметін атқарды.

    2019 жылы «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заң және мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің бас маманы болды.

    2019 - 2021 жылдар аралығында «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заң және мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы қызметін атқарды.

    2021 – 2023 жылдар аралығында «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру жұмысы бөлімшесінің басшысы қызметін атқарды.

    2023 - 2026 жылдар аралығында «Жетісу облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің «Сарқан аудандық Мансап орталығы» филиалының директоры болып, қызмет атқарып келді.

    2026 жылдың 16 ақпандағы №30-ө өкімімен «Сарқан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері