Тамабек Әбілхайыр Ғалымұлы

    Басқарма басшысы

    Тамабек Әбілхайыр Ғалымұлы
    Руководитель управления

    Тамабек Әбілхайыр Ғалымұлы

    Басқарма басшысы

    Өмірбаян

    Тамабек Әбілхайыр Ғалымұлы 1994 жылы 5 шілдеде Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ақкөл ауылында дүниеге келген, ұлты қазақ. 2011 жылы Халықаралық Бизнес Университетіне оқуға түсті, содан кейін 2014 жылы Польшада орналасқан Луи Ұлттық университетінде (WSB-NLU) «Қос диплом» бағдарламасы бойынша оқуды бастады. 2015 жылы бітірді, жоғарыда аталған екі университеттің дипломын алды. 2019 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірді. Ол қызмет көрсету бакалавры, әлеуметтік ғылымдар бакалавры және мемлекеттік саясат магистрі дәрежесіне ие. Қатардағы әскери атағы бар.

    Еңбек жолы:

    • 2011-2012 жылдар - "Даке барлау" ЖШС кадр бөлімшесінің инспекторы;
    • 2012-2014 жылдар - "Даке барлау" ЖШС кадр бөлімшесінің бастығы;
    • 2015-2016 жылдар - "ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті" РМУ қызмет көрсету және энергетика статистикасы басқармасы сарапшысының м.а.;
    • 2016-2017 жылдар - "ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті" РМУ қызмет көрсету және энергетика статистикасы басқармасы сарапшысы;
    • 2017 жыл 1-ші жартыжылдық - "ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті" РМУ экономика, қаржы және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы;
    • 2017-2018 жылдар - "ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті" РМУ персоналды басқару және құжатайналым қызметінің сарапшысы;
    • 2018-2019 жылдар - "ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті" РМУ персоналды басқару және құжатайналым қызметінің басшысы;
    • 2019-2020 жылдар - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Адами ресурстарды басқару департаментінің кадр жұмысы басқармасының бас сарапшысы;
    • 2020-қ.у. - Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы басшысы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері