
ОМАРОВ Қайрат Ермекұлы
Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі
Өмірбаян
1963 жылғы 12 қаңтарда Фергана қаласында туған.
1985 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтын ағылшын және француз тілдерін мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.
Тарих ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1987 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтында оқытушы ретінде бастаған. Қазақстан Ғылым академиясының Тарих, этнография және археология институтының ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағы жанындағы көркем аударма жөніндегі бас редколлегияның ағылшын тілінен аудармаларының бас редакторы болған.
Дипломатиялық қызметін 1992 жылы ҚР СІМ Паспорттық-визалық бөлімінің екінші хатшысы лауазымынан бастады. Содан кейін Еуропа және Америка елдері басқармасының бірінші хатшысы, сондай-ақ Америка басқармасы Еуропа және Америка бөлімінің меңгерушісі болды.
1994 жылы Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігіне бірінші хатшы ретінде жіберіліп, онда кеңесші лауазымына дейін көтерілді.
1996-1998 жылдары Еуропа департаментінде басқарма басшысы, кейін директордың орынбасары болды.
1998-2003 жылдары Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігіне кеңесші-уәкіл ретінде қайта жіберілді.
2004 жылы ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметін атқарған.
2004 жылғы сәуір-тамыз аралығында ҚР Президентінің Әкімшілігінде Сыртқы саясат орталығының бас инспекторы болды.
2004-2009 жылдары Қазақстанның Үндістандағы және Шри-Ланкадағы қоса атқарушы Елшісі болды.
2009-2013 жылдары ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған. 2013 жылдан
2017 жылға дейін Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі болды.
2017-2020 жылдары Нью-Йорктегі Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі ретінде жұмыс істеді.
2020-2022 жылдары Қазақстанның Аустриядағы, Елшісі Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР Тұрақты өкілі болды.
2022-2024 жылдары Қазахстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болды.
2024 жылғы 16 мамырынан бастап - Қазақстан Республикасының Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі.
Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежеге ие.
"Құрмет" және "Парасат" ордендерімен марапатталды.
Үйленген, төрт баласы бар.





