ҚАЗЫХАН Ержан Хозеұлы

    Женева қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі

    ҚАЗЫХАН Ержан Хозеұлы
    Посол

    ҚАЗЫХАН Ержан Хозеұлы

    Женева қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі

    Өмірбаян

    1964 жылы 21 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.

    1989 - 1992 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Протоколдық-саяси бөлімінің екінші, бірінші хатшысы.

    1992 - 1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметінің бастығы.

    1995 - 1999 жылдары - Қазақстан Республикасының Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілдігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі.

    1999 - 2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры.

    2003 - 2007 жылдары - Қазақстан Республикасының Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі; Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.

    2007 - 2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.

    2008 жылы - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

    2009 - 2011 жылдары - Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі.

    2011 - 2012 жылдары - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі.

    2012 - 2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

    2014 - 2017 жылдары - Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ирландия Республикасындағы және Исландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.

    2017 - 2021 жылдары - Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

    2021 - 2023 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі.

    2023 - 2025 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі.

    2025 жылғы қарашадан бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен Женева қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып тағайындалды.

    Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесіне ие.

    Үйленген, 2 баласы бар.