
Өмірбаян
Төлеуова Салтанат Нұрланқызы 1977 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы-екі шет тілі.
2001 жылдан бастап Талдықорған облысы Сарқан ауданы Сарқан қаласының №14 кәсіптік техникалық мектебінде ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істеді.
2004 – 2005 жылдары Алматы облысы Сарқан ауданы Сарқан қаласы, Ленин атындағы мектеп - гимназиясында ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істеді.
2005 жылдан бастап Сарқан қаласында Алматы облысы Сарқан ауданы Сарқан қалалық округі әкімі аппаратының бас маманының міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.
2006-2008 жылдары Сарқан қаласында Сарқан ауданы, Сарқан қалалық округі әкімі аппаратының бас маманы болып жұмыс істеді.
2008 жылдан бастап "Сарқан ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы болып жұмыс істеді, Алматы облысы Сарқан ауданы Сарқан қаласы.
2008 - 2012 жылдары Алматы облысы Сарқан ауданы Сарқан қаласында "Сарқан ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру, мемлекеттік құқықтық жұмыс және кадр қызметі бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2012-2016 жылдары Алматы облысы Сарқан ауданы Сарқан қаласында "Сарқан ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің жалпы бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.
2016 жылдан бастап Алматы облысы, Сарқан ауданы, Сарқан қаласынде "Нұр Отан" партиясы Сарқан аудандық филиалының маманы болып жұмыс істеді.
2017-2018 жылдары Алматы облысы Сарқан ауданы Сарқан қаласында "Бақалы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2018 жылдан бастап "Сарқан ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Сарқан қаласы Сарқан ауданының жалпы бөлімінің басшысы болып жұмыс істейді.
Тұрмыс құрмаған, екі баласы бар.




