
Өмірбаян
Зұлпыхар Жомарт Дүйсенұлы – 11.01.1990 жылы Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Луговой кентінде дүниеге келген. Үйленген, 2 қызды бар.
2007 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетіне «Құқық қорғау қызметі» мамандығына оқуға түсіп, 2011 жылы «Құқық бакалавры» академиялық дәрежесімен үздік бітірген. Сол жылы аталған оқу орнына «Құқықтану» мамандығына магистратураға оқуға түсіп, 2013 жылы «Заң ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесін алған.
2008-2012 ж.ж. аралығында Қазақ гуманитарлық заң университетінің әскери кафедрасында оқып, запастағы сержант әскери атағын алған.
Еңбек жолын 2011 жылы Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық заңнама және құқықтық қамтамасыз ету департаментінің Қоршаған ортаны қорғау саласындағы заң жобалары басқармасында заңгер қызметінен бастаған;
2012 жылы Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің іс қағаздарын жүргізу жөніндегі инспекторы қызметіне тағайындалған;
2013-2015 ж.ж. Қазақ гуманитарлық заң университетінің қылмыстық іс жүргізу, криминалистика және сот сараптамасы кафедрасының оқытушысы болып қызмет атқарған;
2016 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де директордың орынбасары қызметін атқарған;
2016-2021 ж.ж. аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының қаржы және ұйымдастыру бөлімінің бас маман-заңгері, бөлімнің басшысы қызметтерін атқарған;
2021-2022 ж.ж. аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының жастар саясатын іске асыру, ұйымдастыру, бақылау бөлімінің басшысы лауазымында болған;
2022 жылдың қыркүйек айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы лауазымын атқарып келеді.



