
Қаскербаев Айтуған Хайырұлы
Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры
Өмірбаян
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен кіші әділет кеңесшісі Қаскербаев Айтуған Хайырұлы облыстың мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры болып тағайындалды.
Прокуратура органдарындағы қызметін 2013 жылы бастаған. Осы жылдар ішінде Ақжар, Мағжан Жұмабаев аудандарының прокуратураларында қызмет атқарып, облыс прокуратурасында прокурор, аға прокурор, прокурордың көмекшісі қызметтерін атқарды.
2023 жылдың қыркүйегінен бастап облыс прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқаруда.
Құқық қорғау органдарындағы қызмет өтілі 12 жылдан астам.
Үйленген, 2 бала тәрбиелеп отыр.





