
Өмірбаян
Туылған күні (күнi, айы, жылы): 28 қазан 1961 жыл
Туылған жерi: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы
Ұлты: қазақ
Бiлiмi: жоғары
Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы: Шымкент мемлекеттік педагогикалық институты, 1983ж.; КИМЭП ( үздік дипломмен) Алматы қаласы, 1992 ж.
Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi: Ұлт мектептері үшін орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі; саясаткер
Ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы: Экономика ғылымдарының кандидаты, Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы, 2004 ж.
Мемлекеттік наградалары: Білім саласында сіңірген еңбегі үшін «ҚР білім үздігі» төс белгісі; ҚР «Ы.Алтынсарин» медалі; ОҚО мәслихатының еселі еңбегі үшін Құрмет грамоталары (2рет); ҚР тәуелсіздігінің 10-жылдығына орай «Астана» Мерейтойы медалі; ҚР Конституциясының 20-жылдығына орай Мерейтой медалі; ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамоталары; Шымкент қаласы әкімінің Алғыс хаты; ОҚО білім басқармасының Құрмет грамоталары; ҚР «Нұр Отан» партиясының, облыстық және Шымкент қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалдарының Алғыс хаттары
Мемлекеттік органдарда және басшылық қызметтегі еңбек өтілі: ОҚО Төлеби аудандық әкімшілігі аппараты; Шымкент қ. білім басқармасының аппараты; ОҚО мемлекеттік қызметінің аппараты; ОҚО әкімінің аппараты; Шымкент қ. №105 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі; М.Әуезов ат.ОҚМУ колледжінің директоры; Шымкент қ.Әл-Фараби аудандық білім бөлімінің меңгерушісі; Шымкент қалалық білім басқармасының бастығы; қазіргі уақытта 08.02.2013ж. бастап №4 балалар үйінің директоры





