Жұматай Мұрат Көпжасарұлы

    Бейнеу ауданының прокуроры

    Өмірбаян

    Жұматай Мұрат Көпжасарұлы жоғары заң білімі бар, 2012 жылы Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

    Прокуратура органдарында қызметін 2013 жылдың ақпан айында Жаңаөзен қаласы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған.

    2018 жылдың сәуір айынан 2021 жылдың тамызына дейін Жаңаөзен қаласы прокуратурасының аға прокуроры қызметін атқарған.

    2021 жылдың тамызынан 2023 жылдың маусым айына дейін Маңғыстау облысы прокуратурасының басқарма прокуроры және Ақтау қаласы прокуратурасының бөлім бастығы қызметтерін атқарған.

    2023 жылдың маусым айынан бүгінгі күнге дейін Жаңаөзен қаласы прокурорының орынбасары лауазымын атқарды.

    ҚР Бас Прокурорының 2026 жылғы 28 шілдедегі бұйрығымен Бейнеу ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері