
Өмірбайұлы Мамай
Бейнеу ауданы прокурорының орынбасары
Өмірбаян
Мамай Өмірбайұлы жоғары заң білімі бар, 2014 жылы Әль – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Құқықтану» факультетін, одан әрі 2016 жылы аталған университеттің магистр дәрежесін алған.
Прокуратура органдарында жалпы жұмыс өтілі 6 жылдан астам.
Еңбек жолын 2019 жылы Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық прокуратурасының прокуроры лауазымымен бастаған.
2020 жылдан бастап Атырау облысы Жылыой ауданы прокуратурасының прокуроры лауазымында қызмет атқарып, 2021 жылы Атырау қаласы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау бөлімінің прокуроры лауазымына тағайындалған.
Одан әрі, 2023 жылдан бастап Ақтау қаласы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау бөлімінің прокуроры лауазымында қызмет атқарған.
2025 жылдан бастап қазіргі таңға дейін Маңғыстау облысы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау басқармасының прокуроры лауазымында қызмет атқарды.
Маңғыстау облысы прокурорының 2026 жылғы 2 шілдедегі бұйрығымен Бейнеу ауданы прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды.





