
Өмірбаян
Шуленов Нурсултан Жумадилович 21 сәуір 1990 жылы туған. Қазақ. Білімі жоғары. 2012 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педегогикалық инстутын «Музыка» мамандығы бойынша бакалавр бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы «Арқалық қазақ жасөспірімдер театры» КМҚК актерлық қызметінен бастады.
2012 ж. мен 2014 жылдар аралығында Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Новоалексеев жалпы білім беретін мектебі» КММ-де музыка пәні мұғалімі қызметін атқарды.
2014 ж. мен 2017 жылдар аралығында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Алтынсарин ауданы білім бөлімінің "Балалар шығармашылық үйі" КММ директор қызметін атқарды.
2017 ж. мен 2018 жылдар аралығында «Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық Мәдениет үйі" ММ директор қызметін атқарды.
2018 ж. мен 2021 жылжар аралығында «Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ "Жастар ресурстық орталығы" КММ директор қызметін атқарды.
2021 жылдың желтоқсан айынан бастап «Сарыкөл ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы қызметін атқарып келеді.
Үйленген, төрт баласы бар.



