Аманиязов Нұрлан Мұратұлы

    Жаңаөзен қаласының прокуроры

    Аманиязов Нұрлан Мұратұлы
    Қызметкерлер

    Аманиязов Нұрлан Мұратұлы

    Жаңаөзен қаласының прокуроры

    Өмірбаян

    Н.М. Аманиязов 1984 жылы Атырау облысы Атырау қаласында дүниеге келген. 2004 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Аманиязов Нұрлан Мұратұлы прокуратура органдарындағы жалпы жұмыс өтілі 20 жылдан астам.

    Прокуратура органдарында жұмысын 2005 жылы Маңғыстау облысының Қарақия ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған.

    2007 жылдан бастап Мұнайлы ауданы прокурорының көмекшісі, Ақтау қаласы прокурорының көмекшісі, Маңғыстау облысы прокуратурасының басқарма прокуроры, Маңғыстау көлік прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі лауазымдарда, Жаңаөзен қаласы прокуратурасының прокуроры, аға прокуроры, облыс прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры, аға прокуроры, Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасының аға прокуроры, Өзіңдік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша облыс прокурорының аға көмекшісі, Қарақия ауданы прокуратурасының аға прокуроры, Мұнайлы ауданы прокуратурасының аға прокуроры, Облыс прокуратурасының Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, облыс прокурорының аға көмекшісі лауазымдарында қызмет атқарған.

    2024 жылдан қазіргі таңға дейін Жаңаөзен қаласы прокурорының орынбасары болып лауазымын атқарды.

    ҚР Бас Прокурорының 2025 жылдың 5 қарашаның 180/6 бұйрығымен Аманиязов Нұрлан Мұратұлы Жаңаөзен қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері