Рыспаев Ержан Ерболұлы

    Алтай ауданының прокуроры

    Өмірбаян

    Ержан Ерболович Рыспаев 1988 жылдың 31 қаңтарында туған, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2009 жылы Қостанай қаласы әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің прокурорының көмекшісі қызметінен бастады. Кейін Қостанай қаласы прокурорының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің аға көмекшісі болып жұмыс істеді.

    Бұдан әрі еңбек жолын 2014 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры лауазымында жалғастырды.

    ШҚО прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының аға прокуроры болып жұмыс атқарды.

    2018 жылы Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы болып тағайындалды, кейіннен Шығыс Қазақстан облысы прокурорының аға көмекшісі қызметін атқарды.

    2021 жылғы 20 сәуірден 2023 жылғы маусымға дейін Катонқарағай ауданының прокуроры. 2023 жылдың 22 маусымында Алтай ауданының прокуроры болып тағайындалды. Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.