
ҚҰСАЙЫНОВ ДАУЛЕТБЕК ҚАЙЫРБЕКҰЛЫ
Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
Өмірбаян
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті (1998 жылы); Еуразия гуманитарлық институты, экономика және бизнес бакалавры (2010 жылы); Стирлинг университеті, магистратура - дипломатия және қауіпсіздік (2016).
1998-1999 жж. - Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің неміс тілі кафедрасының мұғалімі;
1999-2000 жж. - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Тұрақты даму ұлттық орталығының консультанты;
2000-2004 жж. - ҚР Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің атташесі, үшінші, екінші хатшысы;
2004-2008 жж. - Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің үшінші хатшысы;
2008-2009 жж. - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Сауда келіссөздері департаментінің басқарма басшысы;
2009-01.2014 жж. - ҚР ПӘ Сыртқы саясат орталығының консультанты, инспекторы, Сектор меңгерушісі;
02.2014-09.2014 жж. - ҚР ПӘ Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары;
09.2014-03.2017 жж. Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландиядағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі;
03.2017-07.2019 жж. - Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі;
10.2019-04.07.2023 жж. - ҚР ПӘ Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі;
04.07.2023ж. - Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.