
Мұсабаев Жарасбай Өтегенұлы
Архангельск ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Мұсабаев Жарасбай Өтегенұлы1965 жылы 18 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы, Сергеев ауданы, Жаңажол ауылында дүниеге келген.
1982 жылы Жаңажол орта мектебін бітірген.
Білімі жоғары: 1999 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы институтын «Зоотехния» мамандығы бойынша, 2019 жылы М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік – экономикалық университетін «кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша бітірген.
1987 жылдан 1998 жылға дейін Қамысты ауданы «Островский» совхозында зоотехник болып жұмыс істеді.
2003 жылдан 2004 жылға дейін Денисов ауданы Некрасов ауылдық округінің жетекші маманы.
2004 жылдан 2009 жылға дейін - «Лари» ЖШС шаруашылық бөлімі бойынша директордың орынбасары.
2009 жылдан 2010 жылға дейін - «Тобольское» ЖШС мал шаруашылығы бригадирі.
2010 жылдан 2011 жылға дейін - «Лари» ЖШС бас зоотехнигі.
2012 жылдан 2013 жылға дейін - Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау орталығы» КММ жүргізушісі.
2014 жылдан 2016 жылға дейін - «Қостанай балалар мен жасөспірімдер баспанасы» КММ жүргізушісі.
2016 жылдан 2017 жылға дейін - «Денисов ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйі» КМҚК меңгерушісі.
2017 жылдың қыркүйек айынан 2018 жылдың қазан айына дейін Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Солнечный» КММ директорының міндетін атқарушы.
2018 жылдан 2020 жылға дейін - «Олжа Тобольское» ЖШС ауыл шаруашылығы бөлшектері қоймасының меңгерушісі.
2020 жылдың наурызынан 2021 жылдың наурызына дейін - Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Денисов кәсіптік - техникалық колледжі» КМҚК аға шебері.
2021 жылдың наурыз айынан қазіргі уақытқа дейін-Архангельск ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы.