
Төреханов Уәлихан Әмірханұлы
Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
Өмірбаян
1968 жылы 29 қыркүйекте дүниеге келген.
1968 жылы 29 қыркүйекте Шымкент қаласында дүниеге келген.
М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтын және Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
Өзінің еңбек жолын тарих пәнінің мұғалімі ретінде бастады.
1994 жылы дипломатиялық қызметке Консулдық басқармаға түседі.
Кадрлар басқармасының Орталық аппараты мен оқу орындарының бөлімін басқарды, кадрлар басқармасының бастығы, СІМ аппараты басшысының орынбасары, ТМД әкімшілік және бақылау департаментінің директоры болды.
Қазақстанның Ресейдегі және Өзбекстандағы елшіліктерінде жұмыс істеді.
Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының Экономикалық саясат және сауда департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.
Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін Орталық Азия департаментінің директоры болды.
II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.





