Жусупов Қайрат Серікұлы

    бөлім басшысы - Қостанай облысы прокуратурасының аппарат басшысы

    Жусупов Қайрат Серікұлы
    Руководитель аппарата

    Жусупов Қайрат Серікұлы

    бөлім басшысы - Қостанай облысы прокуратурасының аппарат басшысы

    Өмірбаян

    Жүсіпов Қайрат Серікұлы

    Қостанай облысы прокуратурасы Аппаратының басшысы

    Жалпы ақпарат, білімі

    Жүсіпов Қайрат Серікұлы 1974 жылы 8 қазанда Қостанай облысы Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылында дүниеге келді.

    Бірнеше жоғары білімі бар, 1995 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы институтын «Агрономия» мамандығы бойынша, 1996 жылы республикалық кадрлар даярлау институтын «Бухгалтерлік есеп және өнеркәсіп кәсіпорындарының шаруашылық қызметін талдау» мамандығы бойынша бітірді. 1999 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2019 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша магистратураны бітірді.

    III, II, I дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, II дәрежелі «Прокуратура үздігі» төсбелгісімен, «ҚР прокуратурасына 20 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды.

    Мансап

    1996 жылғы қазаннан 1998 жылғы сәуірге дейін Қостанай облысы Қамысты ауданы бойынша салық инспекциясында (салық инспекторы және заңды тұлғаларға салық салу бөлімінің бастығы лауазымдарында) жұмыс істеді. 2000-2008 жылдары Қостанай облысының прокуратурасында түрлі лауазымдарда, 2008-2013 жылдары Алтынсарин, Жітіқара аудандарының прокуроры болып жұмыс істеді. 2013-2019 жылдары Қостанай облысының прокуратурасында (Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау басқармасы бастығының орынбасары, бастығы, облыс прокурорының аға көмекшісі) лауазымда болды, 2019 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін Қостанай облысы прокуратурасының Аппарат басшысы.

    Жалпы өтілі-22 жыл

    Сыныптық шен - аға әділет кеңесші

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері