
Начальник
Жүйріктаев Берік Қуанышбекұлы
Қазақстан Республикасының Бас көлік прокуроры
Өмірбаян
Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша Бас Прокурордың 2025 жылғы 29 қыркүйектегі бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Берік Қуанышбекұлы Жүйріктаев Бас көлік прокуроры лауазымына тағайындалды.
Прокуратура органдарындағы қызметін 1999 жылдан Алматы қаласы Медеу ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастап, Алматы облысы Панфилов ауданының прокуроры, Алматы қаласы Әуезов ауданының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары, Алматы қаласының прокуроры қызметтерін атқарған.
Осы тағайындауға дейін 2023 жылдан бастап Павлодар облысының прокуратурасын басқарған.


