Байсариев Ғани Оңалбекұлы

    Руководитель отдела

    Байсариев Ғани Оңалбекұлы
    Руководитель отдела

    Байсариев Ғани Оңалбекұлы

    Руководитель отдела

    Өмірбаян

    Байсариев Ғани Оңалбекович 1979 жылы 07 шілде айында Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. Жоғарғы оқу орнын педагогикалық-психология мамандығы бойынша бітірген.

    Ғани Оңалбекович 2014 жылдың 10 шілдесінен бастап Шымкент қаласының ішкі саясат саласында өз біліктілігін шыңдап келеді.

    Мемлекеттік тілді жетік меңгерген және сауатты.

    Ғани Оңалбекович бұдан бұрынғы уақыттарда білім саласындағы жеткіншектер психологиясын зерттеу жұмыстарымен және жастар тәрбиесін оңтайландыру мақсатында жеті жылдан астам мерзімде елеулі қызметтер атқарып, облыстық білім басқармасының алғыс хатына ие болған тұлға.

    Бүгінгі күнде басшылар және өзгеде лауазымды қызметкерлер мен азаматтар тарапынан өзіне құрметпен қарататын қызметші ретінде танылып үлгерді. Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының бөлім басшысы Байсариев Ғани Оңалбекович мемлекеттік орган өкілеттіктері саласында стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды меңгерген. Қазақстан Республикасының «Еңбек Кодексі», «Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құпия туралы», Қазақстан Республикасының «Мемлекттік қызметі туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктері туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы», «Мемлекеттік рәміздер туралы», «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын және басқада қолданыстағы заңдылықтарды, «Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа ала отырып өз өкілеттігін жүзеге асырады.Бүгінгі таңда "ішкі саясат және жастар ісі басқармасы" ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің басшысы қызметін атқарады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері