Әли Ерлік Шәкірұлы

    Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

    Әли Ерлік Шәкірұлы
    Посол

    Әли Ерлік Шәкірұлы

    Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

    Өмірбаян

    1962 жылғы 11 мамырда Алматы қаласында (бұрынғы Алма-Ата) дүниеге келген.

    1979–1984 жылдары Мәскеу қаласындағы К.А. Тимирязев атындағы Ауыл шаруашылығы академиясында білім алып, 1984 жылы Экономика факультетін «Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономист-ұйымдастырушысы / менеджері» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    1986–1992 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ КСР Ғылым академиясының Экономика институтында ғылыми қызметпен айналысқан.
    1991 жылы «Саяси экономика, қоғамдық үдерістер социологиясы» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін (PhD баламасы) қорғаған.

    1989 жылғы тамыз – 1991 жылғы шілде аралығында Алматы қаласындағы Шет тілдер институтында екі жылдық ағылшын тілі курстарын аяқтаған.

    1991 жылғы қазан айында АҚШ-тың Атланта (Джорджия штаты) қаласында жас кәсіпкерлерге арналған бизнес жүргізу курстарынан өткен.

    1992 жылғы наурыз–шілде айларында АҚШ-тың Вашингтон қаласындағы Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) институтында тағылымдамадан өткен.

    1994 жылғы ақпан айында АҚШ мемлекеттік протоколы бойынша арнайы курстардан өткен.

    2006 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясында Елшілер мен құрылымдық бөлімше басшыларына арналған біліктілікті арттырудың жоғары курстарын аяқтаған.

    Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесіне ие.

    Еңбек жолы

    Еңбек жолын 1984 жылы Қарағанды облысы, Тельман ауданы, Киров атындағы кеңшарда еңбек жөніндегі экономист болып бастап, кейін коммерциялық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарған.

    1986–1992 жылдары – Қазақ КСР Ғылым академиясы Экономика институтының аспиранты, ғылыми қызметкері (Алматы қ.).

    1992–1993 жылдары – «Казкоммерцбанк» АҚ-ның Валюта басқармасында аға маман (Алматы қ.).

    Дипломатиялық қызметін 1993 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) істері бөлімінің меңгеруші орынбасары ретінде бастаған. Қазақстан делегациясын басқарған, Иран Ислам Республикасының Тегеран қаласындағы ЭЫҰ Хатшылығында Қазақстанның өкілі болған.

    1994 жылғы желтоқсан – 1998 жылғы маусым аралығында – Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшілігінде бірінші хатшы (Каир қ.), екіжақты экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелеріне жетекшілік еткен.

    1998 жылғы шілде – қыркүйек – ҚР СІМ орталық аппаратының БҰҰ және халықаралық экономикалық ұйымдар басқармасының бірінші хатшысы.

    1998 жылғы қыркүйек – 1999 жылғы ақпан – ҚР СІМ халықаралық экономикалық ұйымдар басқармасының бөлім бастығы.

    1999 жылғы ақпан – тамыз – ҚР СІМ халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы.

    1999 жылғы тамыз – 2001 жылғы шілде – Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, Тегеран қаласындағы ЭЫҰ Хатшылығында ҚР өкілі.

    2001 жылғы шілде – 2002 жылғы қаңтар – ҚР СІМ-нің Алматы қаласындағы Өкілдігінің Саяси тобының басшысы.

    2002 жылғы қаңтар – қыркүйек – ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаментінің БҰҰ бөлімінің бастығы (Астана қ.).

    2002 жылғы қыркүйек – 2003 жылғы мамыр – ҚР СІМ Еуропа және Америка департаментінің Орталық және Шығыс Еуропа бөлімінің бастығы.

    2003 жылғы мамыр – 2006 жылғы ақпан – Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі (Вильнюс қ.), экономикалық мәселелерге жетекшілік еткен, сондай-ақ Латвия және Эстониямен ынтымақтастықты үйлестірген.

    2006 жылғы ақпан – 2007 жылғы қараша – ҚР СІМ Халықаралық ұйымдар және көпжақты ынтымақтастық департаментінің басқарма басшысы.

    2007 жылғы қараша – 2008 жылғы қаңтар – ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаментінің БҰҰ басқармасының басшысы.

    2008 жылғы қаңтар – 2009 жылғы қаңтар – ҚР СІМ Жалпыазиялық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары.

    2009 жылғы қаңтар – 2014 жылғы қазан – ҚР СІМ Жалпыазиялық ынтымақтастық департаментінің директоры. Қызмет барысында АӨСШК, ИЫҰ, Түркі кеңесі (қазіргі Түркі мемлекеттері ұйымы), ШЫҰ, АӨД, «Орталық Азия – Жапония», «Орталық Азия – Оңтүстік Корея» диалогтары, АСЕМ және басқа да құрылымдар аясындағы ынтымақтастық мәселелеріне жетекшілік еткен. Қазақстанның ИЫҰ-дағы (2011–2012 жж.) және АӨСШК-дегі төрағалығы кезінде, сондай-ақ өзге халықаралық форумдарда ұлттық делегацияларды басқарған.

    2014 жылғы қазан – 2019 жылғы шілде – Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Африка одағы жанындағы ҚР Тұрақты өкілі (Аддис-Абеба қ.). Кения, Джибути, Оңтүстік Судан, Эритрея, Сомали, Руанда, Уганда, Чад, Мали, Нигерия, Сенегал, Бенин, Конго ДР, Конго Республикасы, Камерун, Кот-д’Ивуар және басқа да Африка елдерімен ынтымақтастық мәселелеріне жетекшілік еткен.

    2019 жылғы тамыз – қыркүйек – ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі (Астана қ.).

    2019 жылғы қыркүйек – 2023 жылғы наурыз – Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші, ҚР Президентінің өкімімен Қазақстан тарапынан Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) бойынша Ұлттық үйлестіруші. ҚР СІМ және Бейжің қаласындағы ШЫҰ Хатшылығымен жұмыс жүргізген.

    2023 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (Бухарест қ.).

    Ғылыми қызметі

    «Саяси экономика / қоғамдық үдерістер социологиясы» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының кандидаты.
    1992 жылы диссертация қорғаған, ғылыми журналдар мен бұқаралық басылымдарда оннан астам мақаланың авторы.

    2014 жылы Қазақстанның Дипломатиялық академиясында «Қазақстанның көпжақты дипломатиясы» тақырыбы бойынша дәрістер циклін оқыған.

    Марапаттары

    • Министрдің алғыс хаттары (1994, 2002, 2004, 2006, 2008, 2012 жж.), сондай-ақ «ЭКСПО-2017» және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі (2019 ж.) аясындағы қызметі үшін
    • «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015 ж.) мерейтойлық медальдары
    • Министрдің Құрмет грамоталары (2006, 2011 жж.)
    • «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалі (2008 ж.)
    • Президенттің Алғыс хаты (2010 ж.)
    • «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.), «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016 ж.) мерейтойлық медальдары
    • «Құрмет» ордені (2012 ж.)
    • «Достық» ордені, II дәрежелі (2021 ж.)
    • «АӨСШК-ге 20 жыл» мерейтойлық медалі (2012 ж.)
    • «Қазақстан дипломатиялық қызметіне 25 жыл» (2017 ж.), «Қазақстан дипломатиялық қызметіне 30 жыл» (2022 ж.) мерейтойлық медальдары

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері