
Саинов Амангелді Ғазезұлы
Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
Өмірбаян
1976 жылы 6 сәуірде Целиноград қаласында дүниеге келген.
1997 ж. - С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университеті, Астана қ.;
2019 ж. - Goethe Institut Bonn, ГФР.
1997-2002 жж. - «Астана-Аудит» Орталық аудиторлық компаниясы, Астана қ.;
2002 ж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіндегі Валюта-қаржы департаментінің жетекші маманы;
2002-2008 жж. - Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Елшілігі;
2008-2015 жж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде басқарма басшысы және директордың орынбасары лауазымдарда жұмыс атқарған;
2015-2017 жж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаментінің директоры;
2017-2021 жж. - Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің Бонн қаласындағы бөлімшесінің кеңесшісі;
2021 жылғы ақпан айынан бастап желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы СІМ Қамтамасыз ету және құжат айналымы департаментінің директоры;
2021 жылғы 20 желтоқсаннан бастап 2026 жылғы 22 шілдеге дейін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Аппаратының басшысы.
ІІ сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл дипломатиялық дәрежесіне ие.
ҚР СІМ мерейтой медальдарімен, «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Ағылшын және неміс тілдерін меңгерген.
Үйленген, үш баласы бар.
