
МЫРЗАЛИН МӘЛІК КЕҢЕСБАЙҰЛЫ
Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
Өмірбаян
1971 жылы 31 қазанда Ақтөбеде дүниеге келген.
1996 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірді.
1995-2004 жылдары-ҚР РФ елшілігінің референті, атташесі, үшінші, екінші, бірінші хатшысы.
2004-2007 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы, әкімнің орынбасары, әкімнің бірінші орынбасары болды.
2008-2009 жылдары «Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2010-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы аппаратының басшысы болды.
2011-2013 жылдары - ҚР Дін істері агенттігінің Жауапты хатшысы.
2013-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысының орынбасары, бірінші орынбасары болды.
2017-2019 жылдары - Ақмола облысының әкімі.
Қазақстанның Грузиядағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2019 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болды.
ІІ дәрежелі Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі, «Құрмет», «Парасат» ордендері, «Ерен еңбегі үшін» медалі бар.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

